Жекешелендіруге ұсынылып отырған объектілердің тізбесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 195 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облыстық әкімиятының 2011 жылғы 1 тамыздағы № 242 Қаулысымен күші жойылды
«Жекешелендіру туралы» Қазақстан Рсепубликасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 Заңына, «Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1431 қаулысына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 20 маусымда № 3256 тіркелген және «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің 2008 жылғы 15 шілдеде жарияланған «Жекешелендіруге ұсынылып отырған объектілердің тізбесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 195 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі Ақтөбе қаласы бойынша 26-1 - 26-15; Темір ауданы бойынша 64-1; Қобда ауданы бойынша 77-1 жолдарымен осы қаулының қосымшасына сәйкес толықтырылсын; жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесінен мыналар шығарылсын: 2 баған - 1990 жылы шығарылған, м/н Д 375 АР, «ВАЗ -2121» автокөлігі, «Облыстық санэпидемстансасы» ММ; 47 баған - 1994 жылы шығарылған, м/н D 214 ВР «УАЗ 469» автокөлігі, Ырғыз ауданы бойынша. 2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ (С. Еңсегенұлы) мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерінің тізіліміне тиісті өзгерістер енгізсін. 3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
2009 жылғы 30 наурыздағы № 102 қаулысына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|