Мемлекеттік қызметшi емес су жолдары ұйымдарының жұмыскерлерiнiң
Осы редакция 2009 жылғы 6 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік қызметшi емес су жолдары ұйымдарының жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесi бекітілсiн. 2. Су көлiгi департаментi (Ж.М.Қасымбек) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігімен келiссiн және мемлекеттік тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне ұсынсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi H.З.Ниғматулинге жүктелсiн. 4. Бұйрық мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қарым-қатынастарға таралады. Министр
Мемлекеттік қызметшi емес су жолдары ұйымдарының жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесi 1. Осы Ереже "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрленген. Ереже мемлекеттік қызметшi емес су жолдары ұйымдарының жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтілін (бұдан әрi жұмыс өтілі) есептеу тәртібін анықтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|