|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады
Корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларация) жасау ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпорациялық табыс салығын есептеуге арналған Корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін көздейді. Декларацияны Салық кодексінің 135-бабына сәйкес әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар жасайды. 2. Декларация осы Декларацияның өзінен (140.00 нысаны) тұрады. 3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Осы ережелерде арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. 6. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде « - » белгісімен белгіленеді 7. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. 8. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не оның өкілі қол қояды және салық төлеушінің не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар оның өкілінің мөрімен куәландырылады. 1) қағаз тасығышта келу тәртібімен - екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|