ҚР Индустрия және сауда министрінің 2010 жылғы 19 қаңтардағы № 24 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 18 бекітілген
Қазақетан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бүдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу және өлшем бірлігі саласында бақылау және іске асырылатын функцияларды жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттің облыстар мен Астана және Алматы қалаларында мемлекеттік мекемелері - аумақтық бөлімшелері (бүдан әрі - аумақтық бөлімшелер) болады. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің органдарында шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Комитет, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|