Қазақстан Республикасының делегациясын Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 сәуірдегі № 534 Қаулысы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің 44-ші отырысына, Кеден одағы комиссиясының 4-ші отырысына, сондай-ақ Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының сарапшыларының кеден одағын қалыптастыру мәселелері жөніндегі кеңесіне қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы (бұдан әрі - делегация) 2009 жылғы 21 - 23 сәуір кезеңіне;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес құрамдағы делегация 2009 жылғы 20 - 23 сәуір кезеңіне;
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Жанар Сейдахметқызы Айтжанова 2009 жылғы 19 - 23 сәуір кезеңіне Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Астана - Мәскеу - Астана бағыты бойынша арнайы рейстің көліктік шығыстарын төлесін және 1-қосымшаға сәйкес құрамдағы делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға және тәуліктік, 2-қосымшаға сәйкес құрамдағы делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға, Ж.С. Айтжановаға қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Мәскеу - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша шетелдік валютада қаражат бөлсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 16 сәуірдегі
№ 534 қаулысына
1-қосымша
Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің бірінші орынбасары |
Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі |
Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі |
Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары |
Алдабергенов Нұрлан Шәдібекұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы |
Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы | - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы |
Мағауов Әсет Маратұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі |
Төлеуханов Дәурен Айтмұхаметұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары |
Тәжібаев Ұлан Қалмұханұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі |
Асансейітова Саадат Мұханбетқызы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда келіссөздері департаментінің директоры |
Сейтімбетова Сәуле Мырзаханқызы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаменті директорының орынбасары |
Рысмұхамбетов Ренат Есламұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаментінің бірінші Хатшысы |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 16 сәуірдегі
№ 534 қаулысына
2-қосымша
Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Уандықов Берік Құсманұлы | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және жол қатынастары комитетінің төрағасы |
Қыпшақов Арғын Мықтыбайұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары |
Тен Игорь Викторович | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары |
Тоқсейітова Рабиға Әлібекқызы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаментінің директоры |
Құсайынова Айна Біржанқызы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және Дүниежүзілік сауда ұйымы департаментінің директоры |
Айсағалиева София Серікбайқызы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Халықаралық қатынастар департаментінің директоры |
Канашкина Елена Анатольевна | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті кедендік кірістер басқармасының бастығы |
Қабижан Нұрбек Несіпбекұлы | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және жол қатынастары комитетінің басқарма бастығы |
Жақсылық Данияр Елубайұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда келіссөздері департаментінің бас сарапшысы |
Ілиясов Бақыт Мәдиұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік және фитосанитарлық қауіпсіздік департаменті фитосанитарлық қауіпсіздік стратегиясы және химияландыру басқармасының бас сарапшысы |