|
|
|
2009 жылға арналған 003 «Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша іссапар шығыстарына қаражат бөлу тәртібі туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын шектес мемлекеттермен демаркациялау және Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеу жөніндегі келіссөздер үдерісі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, сондай-ақ құжат айналымын қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 003 «Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландырылатын іс-шараларға іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациялары мүшелерінің іссапар шығыстарына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шешімдері негізінде белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |