Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 27 тамыздағы № 152 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік заттың қолданылуы жөнінде
Саудалық атауы Абилифай
Халықаралық патенттелмеген атауы Арипипразол
Дәрілік түрі 5 мг, 10 мг, 15 мг, 30 мг таблеткалар
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 5 мг, 10 мг, 15 мг, 30 мг арипипразол, қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, гипролоза, магний стеараты, темірдің сары тотығы бояғыш заты (15 мг таблеткалар), темірдің қызыл тотығы бояғыш заты (10 мг және 30 мг таблеткалар), алюминий көгілдір лагы (5 мг таблеткалар).
Сипаттамасы 5 мг таблеткалар: көгілдір түсті, жиегі дөңгелектенген тік бұрышты таблеткалар, бір жақ бетінде «А-007» және «5» деген таңбасы бар. 10 мг таблеткалар: қызғылт түсті, жиегі дөңгелектенген тік бұрышты таблеткалар, бір жақ бетінде «А-008» және «10» деген таңбасы бар. 15 мг таблеткалар: кертігі бар, сары түсті дөңгелек таблеткалар, бір жақ бетінде «А-009» және «15» деген таңбасы бар. 30 мг таблеткалар: кертігі бар, қызғылт түсті дөңгелек таблеткалар, бір жақ бетінде «А-011» және «30» деген таңбасы бар.
Фармакотерапиялық тобы Психолептиктер. Антипсихотикалық басқадай дәрілер АТЖ коды N05АХ12
Фармакологиялық қасиеттері Шизопрения кезіндегі арипипразолдың емдік әсері D2 дофаминді және 5НТ1а серотинді рецепторларға қатысты ішінара агонистік белсенділігі мен 5НТ2 серотинді рецепторларға қатысты антагонистік белсенділігінің бірігуімен жүзеге асады. Фармакокинетикасы Абилифайдың белсенділігі негізінен бастапқы зат - арипипразолдың болуымен жүзеге асады. Арипипразолдың орташа жартылай шығарылу кезеңі - шамамен 75 сағат. Тепе-тең қанығу деңгейіне 14 күннен кейін жетеді. Бірнеше рет қабылдаған кезде препараттың жиналуы болжанған. Арипипразолдың фармакокинетикасының көрсеткіштері тепе-тең жағдайда дозаға пропорционал. Арипипразолдың және оның метаболиті дегидроарипипразолдың таралуының тәуліктік өзгеруі білінген жоқ. Адам плазмасындағы препараттың негізгі метаболиті - дегидроарипипразолдың D2 дофаминді рецепторларға арипипразолдағыдай аффинділігі бар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|