|
|
|
А.В. Самофаловты, Е.К. Массалимовты Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне, 2005 жылғы 23 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер үшін әскери кадрлар даярлау туралы келісімге сәйкес және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарында қазақстандық мамандарды оқыту үшін 2009 - 2010 оқу жылына бөлінетін орындардың санын, өтеусіз және жеңілдікпен оқыту квотасын келісу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери кадрлар даярлауға 2013 жылға дейінгі перспективалық өтінімді іске асыру мәселелерін талқылау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Шетелде кадрлар даярлау бас басқармасы бастығының орынбасары Александр Владимирович Самофалов, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаменті бастығының қызметін уақытша атқарушы Евгений Құмарұлы Массалимов 2009 жылғы 27 - 30 сәуір кезеңіне Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі А.В. Самофаловқа, Е.К. Массалимовке қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 013 "Сыртқы саяси мүдделерді қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |