Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 212 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік заттың қолданылуы жөнінде
Саудалық атауы Ранопрост
Халықаралық патенттелмеген атауы Тамсулозин
Дәрілік түрі Түрленіп босап шығатын капсулалар
Құрамы Бір капсулада белсенді зат - Тамсулозин гидрохлориді - 0,4 мг, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, метакрил қышқылы - этилакрилат сополимері (1:1) дисперсиясы (30%), метакрил қышқылы - этилакрилат сополимері (1:1), натрий гидроксиді, триацетин, тазартылған тальк, титан қос тотығы, капсула қабығының құрамында: желатин, күн сарысы, хинолинді сары, темірдік сары тотығы, понсо 4Р, бриллиант көгі, кармозин, титан қос тотығы, белсенділендірілген көмір, шеллак бар.
Сипаттамасы №2 өлшемді капсула: қақпағы қоңыр түсті, «R» деген жазуы бар, корпусы қызыл сары түсті, қара таңбалы бояумен «ТS№ 400» деп жазылған. Капсуланың ішіндегісі - ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ
Фармакотерапиялық тобы Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясын емдеуге арналған препараттар. АТЖ коды G04СА02
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ішке қабылдағаннан кейін тамсулозин асқазан-ішек жолынан тез және тіпті толық сіңеді. Тамақтанудан кейін препаратты қабылдау тамсулозиннің сіңімділігіне ықпалын тигізеді. Сіңудің біркелкілігін, егер тамсулозинді әрдайым тамақтанудан соң бір мезгілде қабылдап жүрсе, емделушінің өзі-ақ реттеуі мүмкін. Тамсулозин тізбекті кинетика көрсетеді. Тамсулозиннің бір реттік дозасын тамақтанудан кейін қабылдағанда плазмада ең жоғары қанығу деңгейіне 6 сағаттан соң жетеді, дозаны қайталаған кезде 5 тәулікте болатын тұрақты жағдайда Сmax , бір реттік дозаны қабылдағаннан кейінгі Сmax-на қарағанда, шамамен үштен екідей жоғары болады. Бір реттік дозаны және көп реттік дозаны қабылдағаннан кейін плазмадағы қанығу деңгейі едәуір өзгереді. Еркектерде тамсулозин плазма ақуыздарымен 99%-ға байланысады, ал таралу көлемі өте төмен (әр кг дене салмағына шаққанда 0,2 л-ге жуық). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|