Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № _____ бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі
Саудалық атауы Авамис
Халықаралық патенттелмеген атауы Флутиказон
Дәрілік түрі Дозаланған мұрын спрейі, бір дозада 27,5 мкг
Құрамы 1 дозаның құрамында белсенді зат - флутиказон фуроаты (микронизирленген) - 27,5 мкг, қосымша заттар: сусыз глюкоза, дисперсті целлюлоза, полисорбат 80, бензалконий хлоридінің ерітіндісі (құрамында 50% бензалконий хлориді бар), динатрий эдетаты, тазартылған су
Сипаттамасы Ақ түсті, біртекті суспензия
Фармакотерапиялық тобы Аллергиялық ринитті емдеуге арналған глюкортикостероид. АТЖ коды R01AD12
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Флутиказон фуроатын мұрын ішіне енгізгеннен кейін (тәуліктік дозасы 110 мкг) көптеген науқастарда қансарсуындағы ең жоғарғы қанығу деңгейі (Смах) анықталмайды (яғни, оның мөлшері 10 пг/мл -ден кем). Жасы 12 және одан жоғары науқастарда сандық деңгейде анықталатын мөлшері емделушілердің тек 31%-да, күніне 110 мкг-ден бір рет қабылдағандардың 16%-да, күніне 55 мкг-ден бір рет қабылдағандардың тек 7%-да ғана анықталды. Флутиказонн фуроатын күніне 880 мкг-ден үш рет мұрын арқылы енгізгенде (жалпы бір күндік дозасы 2640 мкг) ең жоғарғы биотиімділігі 0,50%-ды құрайды. Қансарысуындағы тепе-теңдік қанығу деңгейіне қол жеткізгенде флутиказон фуроатының таралу көлемі үлкен болады ( шамамен 608 л). Ол қансарысуының ақуыздарымен айтарлықтай жоғары деңгейде (99%-дан жоғары) байланысады. Флутиказон фуроаты цитохром Р450 жүйесінің CYP3A4 изоферментінің көмегімен бауырда жүретін метаболизм салдарынан белсенділігі жоқ 17 -карбоксильді метаболит (GW694301X) ретінде қансарысуынан тез шығады (қансарысуындағы жалпы клиренсі 58,7 л/сағ.). Метаболизмінің негізгі жолы S-флуорометил карботиоатының гидролиздену арқылы 17-карбоксильді қышқыл метаболитіне дейін өзгеруі болып табылады. Флутиказон пропионатының және оның метаболиттерінің негізгі шығарылу жолы өт арқылы жүреді. Фармакодинамикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|