Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 82 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде
Саудалық атауы Адреналин- Здоровье (ADRENALIN-ZDOROVYE)
Халықаралық патенттелмеген атауы Эпинефрин
Дәрілік түрі Инъекцияға арналған 0,18% ерітінді
Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - 1,82 мг эпинефрин гидротартраты, қосымша заттар: натрий метабисульфиті, натрий хлориді, инъекцияға арналған су бар.
Сипаттамасы Мөлдір түссіз сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы Кардиотоникалық препараттар (жүрек гликозидтерін қоспағанда). Адрено- және допамин-ынталандырғыштары. АТЖ коды С01CA24
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Бұлшық ет ішіне және тері астына енгізген кезде тез сіңеді; қанда ең жоғары қанығу деңгейіне 3 - 10 минуттан соң жетеді. Плацентарлы бөгет арқылы, емшек сүтіне өтеді, гематоэнцефалиялық бөгет арқылы өтпейді. Бауыр, бүйрек жасушаларында, ішектің шырышты қабығында, аксондарда моноаминооксидазамен (ванилилминдал қышқылына) және катехол-О-метилтрансферазамен метаболизденеді. Көктамыр ішіне енгізген кезде жартылай шығарылу кезеңі 1-2 минут құрайды. Метаболиттердің шығарылуы бүйректер арқылы жүзеге асады. Фармакодинамикасы Адреналин-Денсаулық - кардиоынталандырғыш, қан тамырларын тарылтқыш, гипертензиялық, гипергликемиялық дәрі. Препарат әр жерге орныққан a және b адренорецепторларды ынталандырады. Препараттың әсер етуінің алғашқы кезеңі b-адренорецепторлардың ынталануымен жүзеге асады және тахикардиямен, жүректің соғу ырғағының, қозғыштығының және миокардтың өткізгіштігінің жоғарылауымен, артериоло- және бронходилатациямен, жатыр тонусының төмендеуімен, аллергиялық реакциялардың тежелуімен, гликогеннің бауырдан және май қышқылдарының май қорынан мобилизациялануымен білінеді. Екінші кезеңде a-адренорецепторлар қозады, бұл құрсақ қуысы ағзалары, тері, шырышты қабық қан тамырларының тарылуына, систолалық артериялық қысымның, қан тамырлардың жалпы шеткергі кернеуінің жоғарылауына әкеледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|