Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 26 қаңтардағы № 11 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған
Саудалық атауы Адрианол
Халықаралық патенттелмеген атауыЖоқ
Дәрілік түрі Балаларға арналған 10мл мұрын тамшылары (0,5мг/мл + 0,5 мг/мл)ҚұрамыБалаларға арналған ерітіндінің 1 мл-не (0,5мг/мл + 0,5 мг/мл) кіреді белсенді зат: фенилэфрин хлориді 0,5 мг тримазолин хлориді 0,5 мг, қосымша заттар: фенилқорғасын борат, лимон қышқылының моногидраты, метилгидроксиэтилцеллюлоза, глицерин, этанол, натрий гидрофосфаты дигидраты, концентрленген аммоний ерітіндісі, тазартылған су
Сипаттамасы Мөлдір, түссіз ақшыл сарыға дейінгі түсті жеңіл иісті ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы Басқа препараттармен біріктірілген фенилэфрин. Мұрын ауруларын емдеуге арналған препараттар. АТС коды R01AB01
Фармакологиялық қасиеттер Фармакокинетикасы Жергілікті пайдаланғанда фенилэфрин мен тримазолин сіңібейді деп айтуға болады, сондықтан олардың қан плазмасындағы концентрациясы өте аз (қазіргі заманғы аналитикалық әдістермен анықталмайды). Фармакодинамикасы Адрианол жергілікті тамыр тарылтқыш заттар (антиконгестивті) тобына жатады. Ол екі белсенді заттардан тұрады: фенилэфрин фениламиндер тобына жатады, тримазолин имидазолиннің туындысы болып табылады. Осы екі заттың адреномиметикалық белсенділігі және тамыр тарылтқыш әсері бар. Фенилэфрин альфа1 -адренергиялық рецепторларға селективті агонистикалық әсер көрсетеді, ал тримазолин альфа1- және альфа2 - адренергиялық рецепторларға селективті емес ынталандырғыш әсер көрсетеді. Мұрынның кілегей қабатының адренергиялық рецепторларын ынталандырғанда мұрын кілегей қабаттың қан тамырларының тарылуын шақырады, венозды синустарда қан ағысын азайтады, осылай мұрын кілегей қабатының ісінуін және гиперемиясын жояды, бөлінетін секреттің мөлшерін кемітеді, мұрын жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіреді, мұрынмен дем алуды жеңілдетеді. Тұмауды және мұрын бітелуін нәтижелі жояды.
Қолданылуы - инфекционды және аллергиялық ринит, синусит - ісінуге қарсы қосымша зат ретінде диагностикалық және хирургиялық емшаралар кезінде .
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|