«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 және
Осы редакция 2009 жылғы 29 cәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат): 2-тармақ алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 1-қосымшада 1, 2, 3 және 6-тармақтар алынып тасталсын; 2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 7, 53-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда: «Самұрық» холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары» деген 2-бөлімде: мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын: "ұлттық және салааралық ауқымдағы тұжырымдамалық инвестициялық шешімдерді әзірлеу; инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету."; бесінші абзац «өкілдік ету» деген сөздерден кейін «және инвестициялық функцияларды орындау» деген сөздермен толықтырылсын; «Самұрық» холдингі» АҚ-тың функциялары» деген 3-бөлім «, сондай-ақ мынадай инвестициялық функцияларды іске асырады: ұлттық және салааралық ауқымдағы тұжырымдамалық инвестициялық шешімдерді және тиісті ТЭН әзірлеу; жобаларды сүйемелдеу және оларға қатысушыларды құрылымдау; жобаларды бірлесіп қаржыландыру» деген сөздермен толықтырылсын; «Самұрық» холдингі» АҚ-ты басқару мәселелері» деген 4-бөлімде: бірінші абзацтың екінші сөйлемі алынып тасталсын; үшінші абзацта: бірінші сөйлем «Самұрық» холдингі» АҚ-тың атқарушы директоры» деген сөздерден кейін «және өзге де тұлғалар» деген сөздермен толықтырылсын; екінші сөйлем алынып тасталсын. оныншы абзац «кірістер» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге көздер» деген сөздермен және «Компаниялардың акциялары пакеттерін сатудан түскен кірістер де инвестициялық қызметті қаржыландыруға жіберіледі» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|