IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XIV сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы 2009 жылға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы № 154 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XVІІ сессиясының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 179 шешімі
IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXVII сессиясының 2010.12.04. № 322 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 106, 108 баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7 баптарына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XIV сессиясының «2009 жылға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы» 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 154 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 801 рет санымен 2009 жылғы 12 қаңтарда тіркелген, 2009 жылғы 17 қаңтардағы «Алматы Ақшамы» № 6, 2009 жылғы 17 қаңтардағы «Вечерний Алматы» № 6 газеттерінде жарияланған; IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XIV сессиясының «2009 жылға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы» 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 154 шешіміне өзгертулер енгізу туралы» 2009 жылғы 20 ақпандағы № 174 шешімімен өзгерістер енгізілген, 2009 жылғы 24 ақпанда № 811 рет санымен тіркеліп, 2009 жылғы 28 ақпандағы «Алматы Ақшамы» газетінің № 24 санында, 2009 жылғы 28 ақпандағы «Вечерний Алматы» газетінің № 25 санында жарияланған) мынадай өзгертулер енгізілсін:
1. 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. 2009 жылға арналған Алматы қаласының бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 253 997 032 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 153 858 650 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 838 230 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 10 060 000 мың теңге;
республикалық бюджеттен түсетін трансферттер - 88 240 152 мың теңге;
2) шығындар - 250 325 504 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - -1 333 920 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 333 920 мың теңге;