«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының мұнайды «Мақат» мұнай айдау станциясы арқылы «Кеңқияқ -Атырау» мұнай құбырына ауыстырып құю жөніндегі реттелетін қызметіне тарифтер мен тарифтік смета бекіту туралы
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 5-армағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 80-НҚ бұйрығымен бекітілген Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекіту ережесінің 12-тармағына және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі басқармасының 2009 жылғы 25 ақпандағы № 6 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар 2009 жылғы 16 науырыздан бастап қолданысқа енгізіле отырып: 1) «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының мұнайды «Мақат» мұнай айдау станциясы арқылы «Кеңқияқ -Атырау» мұнай құбырына ауыстырып құю жөніндегі реттелетін қызметіне 1 тонна үшін 421 теңге мөлшеріндегі (ҚҚС-сыз) тариф; 2) «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының мұнайды «Мақат» мұнай айдау станциясы арқылы «Кеңқияқ -Атырау» мұнай құбырына ауыстырып құю жөніндегі реттелетін қызметіне тарифтік смета осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы тариф пен тарифтік смета оңайтылған тәртіппен енгізілген сәттен бастап алты айдан кешіктірмей мұнайды «Мақат» мұнай айдау станциясы арқылы «Кеңқияқ -Атырау» мұнай құбырына ауыстырып құю жөніндегі реттелетін қызметіне тариф пен тарифтік сметаны жалпы тәртіппен қайта қарау үшін өтініммен Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне жүгінсін. 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|