Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 9 желтоқсандағы № 331 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі
Саудалық атауы Актилизе® / ActilyseÒ
Халықаралық патенттелмеген атауы Алтеплаза
Дәрілік түрі Көктамыр ішіне инфузия жасау үшін ерітінді дайындауға арналған 50 мг лиофилизделінген ұнтақ.
Құрамы Белсенді заттар - алтеплаза 50 мг, Қосымша заттар: L-аргинин, фосфор қышқылы, полисорбат.
Сипаттамасы Ақ немесе бозғылт-сары түсті, иіссіз масса
Фармакотерапиялық тобы Антикоагулянттар. Ферментті препараттар. АТЖ коды В01АD02.
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетика Алтеплаза қан арнасынан тез шығарылады және, негізінен, бауырда метаболизденеді (плазмадағы клиренсі 550-680 мл/мин.). Қан плазмасынан жартылай шығарылудың маңызды кезеңі (T1/2α) 4-5 минутты құрайды. Бұл 20 минуттан кейін плазмада препараттың бастапқы мөлшерінің 10%-дан кемі ғана болатынын білдіреді. Қалдық мөлшері үшін T1/2β жартылай шығарылу кезеңін өлшеу көрсетілімде, ол 40 минутқа жуық уақытты құраған. Фармакодинамикасы Актилизенің® белсенді компоненті - алтеплаза, плазминогеннің рекомбинантты адам тіндік белсендіргіші - гликопротеин болып табылады, ол плазминогеннің плазминға тікелей белсендіреді. Көктамыр ішіне енгізілгеннен кейін алтеплаза қан айналымы жүйесінде салыстырмалы түрде белсенді болмайды. Ол фибринмен байланыса отырып белсенденеді де, плазминогеннің плазминге айналуын туындатады және фибрин ұйындысының еруіне әкеп соқтырады.
Қолданылуы 1. Жедел миокард инфарктісінің тромболитикалық терапиясы. - дозалаудың 90-минуттық (жеделдетілген) режимі: аурудың белгілері өршігеннен кейін емдеу 6 сағат ішінде басталуы мүмкін емделушілер үшін; - дозалаудың 3-сағаттық режимі: аурудың белгілері өршігеннен кейін емдеу 6-дан 12 сағатқа аралығында басталуы мүмкін емделушілер үшін; 2. Тұрақсыз гемодинамикамен қатар жүретін өкпе артериясының жедел ауқымды тромболитикалық терапиясы. Бұл диагноз мысалы өкпе артериясының ангиографиясымен немесе өкпе томографиясы сияқты инвазивті емес әдістермен мүмкіндігінше объективті түрде расталуы керек. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|