Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 67 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған
Саудалық атауы Аларин ®
Халықаралық патенттелмеген атауы Лоратадин
Дәрілік түрі Шәрбат
Құрамы 5 мл шәрбаттың құрамында белсенді зат - 5 мг лоратадин, қосымша заттар: пропилен гликоль, глицерол, натрий бензоаты, натрий сахарині, сірке қышқылының моногидраты, макроголь (полиэтиленгликоль 35000), шие эссенциясы, тазартылған су бар
Сипаттамасы Шие иісті мөлдір шәрбат
Фармакотерапиялық тобы Жүйелі қолдануға арналған басқадай антигистаминді препараттар. АТЖ коды R06АХ13
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ішке қабылданғаннан кейін лоратадин асқазан-ішек жолынан тез сіңеді. Ең жоғары қанығу деңгейіне 1 -1,5 сағаттан соң жетеді (10 мг-ды бір рет қабылдағаннан кейін). Қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесінің жоғарылығымен және таралу көлемінің үлкендігімен сипатталады. Гематоэнцефалиялық бөгет арқылы өтпейді. Бауыр арқылы «алғаш өту» әсеріне ұшырайды. Гидролиз арқылы биоөзгеріске ұшырап, белсенді метаболит - дезкарбоксиэтоксилоратадин түзеді. Лоратадиннің жартылай шығарылу кезеңі - 7-11 сағат, белсенді метаболитінікі - 17 - 24 сағат. Препараттың 40%-ы метаболиттер түрінде бүйректер арқылы, 41%-ы ішек арқылы шығарылады. Лоратадиннің фармакокинетикалық параметрлері егде жастағы кісілерде және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққан емделушілерде елеулі түрде өзгермейді. Фармакодинамикасы Екінші буынды гистаминді Н1-рецепторларының бөгегіші. Аллергияға қарсы ұзақ уақыт әсер етеді. Альфа-адренергиялық және мускаринді рецепторларға ұқсастығы әлсіз, тыныштандырғыш және антихолинергиялық әсер тудырмайды. Препараттың әсері оны қабылдағаннан кейін 30 минуттан соң басталады және 24 сағат бойы сақталады.
Қолданылуы - маусымдық және созылмалы аллергиялық ринитте - есекжемде - Квинке ісінуінде - аллергиялық конъюнктивитте - қышытатын созылмалы экземада, атопиялық дерматитте (жиынтық ем құрамында) - псевдоаллергиялық синдромдарда Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|