|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында: «Шағын және орта бизнесті қолдау» деген бөлімде: тақырыбы «бизнесті» деген сөзден кейін «, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарын» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «Азық-түлік нарығындағы проблемаларды шешу үшін және отандық тамақ өнімдерін өндірушілерді қолдау мақсатында бөлінетін 30 % шеңберіндегі қаражат ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін ендіру жөніндегі жобаларды қаржыландыруға жіберілетін болады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді және тамақ өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын көрсетілген қарыз алушылар тек қана шағын және орта бизнес субъектілеріне жатқызылмауы мүмкін.»; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: «IV. Шағын және орта бизнесті қолдау» деген бөлімде: тақырыбы «бизнесті» деген сөзден кейін « ,ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарын» деген сөздермен толықтырылсын; бүкіл мәтін бойынша «шағын және орта бизнесті» деген сөздерден кейін «және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарын» деген сөздермен толықтырылсын; «ШОБ» деген аббревиатурадан кейін «және АШӨҚӨжТӨӨК» деген сөздермен толықтырылсын; реттік нөмірі 1-жол мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Азық-түлік нарығындағы проблемаларды шешу үшін және отандық тамақ өнімдерін өндірушілерді қолдау мақсатында, бөлінетін 30 % шеңберіндегі қаражат ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі жобаларды қаржыландыруға жіберілетін болады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді және тамақ өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын көрсетілген қарыз алушылар тек қана шағын және орта бизнес субъектілеріне жатқызылмауы мүмкін.»; «V. 30 корпоративтік көшбасшы бағдарламасын іске асырудың екінші бағытын іске асыру» деген бөлім осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; «VI. Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 10, 11, 12, 13, 14-жолдармен толықтырылсын: «
»; «VII. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 2.6., 2.7., 2.8., 2.9., 2.10., 2.11., 2.12-жолдармен толықтырылсын: «
«; «Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы» мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «АШӨҚӨжТӨӨК - ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру кәсіпорны»; 3) «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және жылжымайтын мүлік нарығындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 148 қаулысында: көрсетілген қаулымен мақұлданған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы және екінші деңгейдегі банктер арасындағы кейіннен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру үшін қаражатты екінші деңгейдегі банктерде орналастыру туралы бас келісімде: «Орналастырылған қаражатты беру шарттары және оны өтеу тәртібі» деген 3-бөлімнің 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «11. Осы Келісімде көзделген ақшаның 30 %-ы мөлшеріндегі қаражат ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі жобаларды қаржыландыруға жіберіледі»; 2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |