Ислам арнайы қаржы компаниясын құруына және оның қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу туралы
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 32-6-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ислам арнайы қаржы компаниясы (бұдан әрі - Компания) акционерлік қоғамының немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады. Компанияны құру туралы шешім егер өзге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен немесе оригинатор жарлығымен белгіленбеген болса, оригинатордың директорлар кеңесі қабылдайды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі нысанында құрылған Компанияда егер Компанияның бөлінген активтерімен сенімгерлік басқару оригинатормен жүзеге асырылған жағдайда әкімшілік-шаруашылық функциялар бір тұлғаға жүктелуі мүмкін. Компанияны құру, жұмыс істеу және тарату бойынша шығындарды оригинатор өзіне алады. 2. Компанияның акцияларын төлеу (жарғылық капиталында қатысу үлесімен) ақшамен жүзеге асырылады. Ислам бағалы қағаздарын шығару және орналастыру құрылтайшылардың Компания акцияларын (жарғылық капиталында қатысу үлесімен) төлегеннен кейін жүзеге асырылады. Осы қаулыда ислам бағалы қағаздары деген исламдық жалдау сертификаттары және исламдық қатысу сертификаттарымен түсіндіріледі. 3. Компания кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайды, мыналарға байланысты қызметтерді қоспағанда: ислам бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналдыру, өтеу сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын орналастырғаннан алынған ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісімен тәртіпте және талапта белгіленген ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражаттарды инвестициялау; Компанияның бөлінген активтерін құрайтын мүлікті басқару. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|