ҚР СТ ГОСТ Р 50739-2006
Мазмұны
5.1 Қол жеткізілуді шектеуге қойылатын талаптар 5.3 Кепілдіктерге қойылатын талаптар 6 Құжаттарға қойылатын талаптар
Осы стандарт ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден есептегіш техникалық құралдарын қорғауға; осы құралдарға арналған құжаттар құрамына қойылатын бірыңғай атқарымдық талаптарды, сондай-ақ корғауға қойылатын талаптар жиынтығымен сипатталатын және ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден қорғалу денгейі бойынша есептегіш техника құралдарының жіктелуін анықтайтын есептегіш техника құралдарының қорғалу көрсеткіштерінің атаутізімін белгілейді Осы стандартта есептегіш техника құралдары жеке немесе басқа жүйелер құрамында жұмыс істеуге қабілетті деректерді өңдеу жүйесінің бағдарламалық және техникалық элементтерінің жиынтығы ретінде қабылданады. Есептегіш техника кұралдарымен бірге ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалану қорғау сапасының кепілдігін арттыру үшін пайдаланыла алады. Осы стандарт талаптары Қазақстан Республикасының мүддесін қорғауға жататын жабық ақпарат айналатын мемлекеттік билік органдары мен басқармалары, кәсіпорындар есептегіш техника объектілері мен құралдарын техникалық барлаудан қорғау кезінде орындау үшін міндетті болып табылады.
Осы стандартта мынадай қысқартулар қолданылады: ЕТҚ - есептегіш техника кұралдары; РҚ - рұқсатсыз қол жеткізу; ҢҢК - қорғау құралдарының кешені; ҚШЕ - қол жеткізуді шектеу ережелері.
3.1 Қорғауға қойылатын талаптар ЕТҚ ішінде қорғаудың бағдарламалық-техникалық құралдары жиынтығы тұрінде іске асырылады. Қорғаудың барлық құралдарының жиынтығы қорғау құралдарының кешенін құрайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|