|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 737 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 407-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: «Ұйымдастыру іс-шаралары» деген 1-бөлімде: реттік нөмірі 1.6-жолда: 2-бағанның екінші және үшінші абзацтарындағы «және салуға» деген сөздер «, салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға» деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмірі 1.7-жолда: 2-бағандағы «және салуға» деген сөздер «, салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-бағандағы «28,7», «9,6», «9,6» және «9,5» деген сандар тиісінше «42,834», «8,734», «21,6» және «12,5» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 1.8-жолда: 2-бағандағы «дамытуға және жайластыруға» деген сөздер «дамытуға, жайластыруға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-бағандағы «90,0 млрд. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 30,0» деген сөздер «89,905 млрд. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 29,905» деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмірі 1.11-жолдың 6-бағанындағы «6 млрд. 508 млн. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 1 млрд. 123» деген сөздер «6 млрд. 18 млн. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 633» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1.12-1-жолмен толықтырылсын: «
«; «Ипотекалық кредит беру жүйесін жетілдіру» деген 2-бөлімде: реттік нөмірі 2.4-жолда: 5-баған мынадай редакцияда жазылсын: «2008 жыл»; 6-баған мынадай редакцияда жазылсын: «2008 жылы 15 млрд. теңге»; «Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін дамыту» деген 3-бөлімде: реттік нөмірі 3.1-жолдың 2-бағанындағы «және резервтік» деген сөздер алып тасталсын; «Жиыны: Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатының көлемі» деген жолда: 6-бағандағы «300,8», «110,3», «102,8» және «87,7» деген сандар тиісінше «299,349», «106,598», «100,123» және «92,628» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |