Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2006 жылғы 18 қыркүйектегі № 129 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған
САБ® СИМПЛЕКС/SAB® SIMPLEX
Саудалық атауы САБ® СИМПЛЕКС/SAB® SIMPLEX
Халықаралық патенттелмеген атауы Симетикон
Дәрілік түрі Ішке қабылдауға арналған суспензия
Құрамы белсенді зат - симетикон - 69,19 мг (диметилполисилоксан 350 - кремний қос тотығы, 92,5% : 7,5%). қосымша заттар: полигликостеарил қышқылының эфирі, метилгидроксипропилцеллюлоза, карбомер, натрий цитраты, лимон қышқыл моногидраты, ванилин хош иістендіргіш, таңқурай хош иістендіргіш, натрий цикломаты, натрий сахарині, тазартылған су, консерванттар: сорбин қышқылы, натрий бензоаты.
Сипаттамасы Ақ түстен ақ-сұр түске дейін болатын, сәл тұтқыр эмульсия
Фармакотерапиялық тобы Ішек қызметінің бұзылуларын емдеуге арналған басқадай препараттар. АТЖ коды А03АХ13
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Физиологиялық және химиялық салғырттылығы салдарынан организмге сіңбейді, асқазан-ішек жолы арқылы өткеннен кейін өзгермеген күйінде шығарылады. Фармакодинамикасы Фазалау бөлімінің шегінде беткейлік тұтқырлықты төмендете отырып, қоректік қоспада және асқазан-ішек жолының шырышында газ көпіршіктерінің пайда болуын қиындатады және бұзылуына мүмкіндік береді. Мұндай кезде пайда болған газдар ішек қабырғаларына сіңуі немесе ішектің жиырылуының арқасында сыртқа шығарылуы мүмкін. Соно- және рентгенографияда бөгелуге және кескіннің бүркемеленуіне жол бермейді; контрасты үлбірдің жыртылуына кедергі жасай отырып, тоқ ішектің шырышты қабығының контрасты затпен жақсы өңделуіне мүмкіндік береді Ол асқазандағы және ішек шырышындағы заттарда түзілетін газ көпіршіктерінің беткейлік тартылуын өзгертеді және оларды бұзады. Босап шыққан газдар ішек қабырғасында сіңеді немесе ішек жиырылған кезде жоғалады. Симетикон көпіршікті таза физикалық жолмен жояды, химиялық реакцияға түспейді, фармакологиялық тұрғыдан инертті, ішке қабылдаған кезде сіңбейді және өзгермеген күйінде ішек арқылы шығарылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|