Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 14 қаңтардағы № 6 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған
Саудалық атауы Салицил қышқылы
Халықаралық патенттелмеген атауы Салицил қышқылы
Дәрілік түрі 2 % спиртті ерітінді
Құрамы 100 мл ерітіндінің құрамындаі белсенді зат - 2 г салицил қышқылы бар қосымша зат: 96,6 % этил спирті, тазартылған су.
Сипаттамасы Спирттің исі бар түссіз мөлдір ерітінді
Фармакотерапиялық тобы Антисептиктер мен дезинфекциялауш басқадай препараттар АТЖ коды D08AХ
Фармакологиялық қасиеттері Салицил қышқылы май және тер бездерінің сөлінісін бәсеңдетеді. Салицил қышқылы 2% дейінгі концентрациясында антисептикалық және кератопластикалық әсер етеді. 2-ден 5% дейінгі концентрациясында жергілікті тітіркендіргіш және қабынуға қарсы әсер етеді, 10% астам концентрациясында кератолитикалық әсер етеді.
Қолданылуы - майлы себореяда - әдеттегі безеуде - созылмалы экземада - кебек тәрізді (түрлі түсті) теміреткіде - асқын гидрозда. Қолдану тәсілі мен дозалары Сыртқа. Препаратты тәулігіне 2-3 рет мақта тампонның көмегімен зақымданған жерлерге жағады. Зақымданған жерлерді шамамен емделушінің алақанының көлеміндей аумаққа 5 мл салицил қышқылы ерітіндісі жұмсалатындай есеппен өңдейді .
Жағымсыз әсерлері - қышу, күйдіру, тері бөртпесі түріндегі жергілікті реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар - салицил қышқылына жоғары сезімталдықта - 5 жасқа дейінгі балаларға - Салицил қышқылы туындыларына жоғары сезімталдық бар бронхтық демікпенің атопиялық түрінде.
Дәріліермен өзара әрекеттестігі Салицил қышқылы фотопротектитік әсер етеді және псориазды емдегенде псораленнің, метоксипсораленнің тиімділігін әлсіретеді. Салицил қышқылы зеңге қарсы полиендік және макролидтік антибиотиктердің (нистатиннің, В амфотерициннің) фунгицидтік белсенділігін күшейтеді және азолдардың (клотримазолдың, микозолонның) зеңге қарсы белсенділігін әлсіретеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|