Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы 2003 жылғы 3 маусымдағы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 7-бабын басшылыққа ала отырып, Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келісті:
1-баптың 3-абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылармен алмасу».
2-бап мынадай редакцияда жазылсын: «Тараптар жыл сайын баламалы негізде білім алушылармен алмасады. Тараптардың әр мемлекетінде білім алушылардың жалпы саны жыл сайын 100 адамнан аспайды. Қажет болған жағдайда Тараптар өзара келісім негізінде олардың санын ұлғайта алады. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың санын және олардың оқу мерзімін оқу орны орналасқан мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес қабылдаушы Тарап анықтайды. Қабылдаушы Тарап білім алушыларды оқу, оқу құралдарын пайдалану мен олардың жатақханада тұруы үшін төлемнен босатады және оларға стипендия төлейді және өз мемлекетінің денсаулық сақтау саласындағы ұлттық заңнамасына сәйкес, созылмалы ауруларды емдеуден, курорттық емдеуден және стоматологиялық қызмет көрсетулерден басқа, жедел медициналық көмек береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|