Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 59 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде
Саудалық атауы Сана-СолÒ
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түрі 250 мл шәрбәт
Құрамы 10 мл препараттың құрамында: белсенді заттар: А витамині (А витамині пальмитаты түрінде) 500 мкг D3 витамині (холекальциферол түрінде) 7,5 мкг Е витамині (α-токоферилацетаты түрінде) 6,00 мг В1 витамині (тиамин нитраты түрінде) 0,90 мг В2 витамині (рибофлавин түрінде) 1,00 мг никотинамид 12,00 мг В6 витамині (пиридоксин гидрохлориді түрінде) 1,20 мг пантотен қышқылы (декспантенол түрінде) 4,00 мг С витамині (аскорбин қышқылы) 45,00 мг фолий қышқылы 75,00 мкг қосымша заттар: лецитин ерітіндісі, сорбитол, 70% сорбитол, лимон қышқылының моногидраты, апельсин майы, агар-агар, галактомманан қоспасы, дистиляцияланған су, триглицеридтер, калий сорбаты.
Сипаттамасы Сары немесе қызғыл сары гомогенді шәрбәт, бөгде заты, қойыртпағы немесе үстінде май сақинасы жоқ. Шәрбәт созыла жай құйылуға тиіс. Иісі - әлсіз қышқыл цитрусты.
Фармакотерапиялық тобы Поливитаминдер АТЖ коды А11ВА
Фармакологиялық қасиеттері ФармакокинетикасыЗерттелген жоқ. ФармакодинамикасыСана-Сол - поливитаминді препарат, оның әсері құрамына кіретін компоненттердің қасиеттерімен анықталады. Құрамына енетін витаминдер олардың организмдегі тапшылығының орнын толтырады. Ретинол (А витамині) майда еритін витаминдерге жатады. Тотығу-қалпына келтіру процестерінде маңызды орын алады, мукополисахаридтердің, белоктардың, липидтердің синтезіне қатысады. Көру ферметтерінің түзілуіне қатысады, эпителий тіндерінің тұтастығын қамтамасыз етеді, организмнің өсуін реттейді. α - токоферол ацетаты (Е витамині) антиоксиданттық қасиеттерге ие, мембраналарда қанықпаған май қышқылдарын липопероксидациядан қорғауды қамтамасыз етеді; жасушааралық заттардың, коллагендік және эластикалық талшықтардың түзілуіне қатысады. Холекальциферол (Д3 витамині) организмде кальций мен фосфордың алмасуын реттейді, кальцийдің толыққанды сіңуіне мүмкіндік береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|