Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 5 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттарды қолдану жөнінде мамандарға арналған
Саудалық атауы Седавит
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түрі Ішке қабылдауға арналған ерітінді
Құрамы 100 мл препараттың құрамында: белсенді заттар: Седавитке арналған жиынтық сығынды - 94 мл (Седавитке арналған жиынтық сығындыны 40 г шүйгін тамырының тамырсабағынан, 40 г долана жемістерінен, 20 г шайқурай шөбінен, 40 г бұрыш жалбызы жапырақтарынан, 40 г құлмақ бүршігінен алады), пиридоксин гидрохлориді - 0,06 г, никотинамид - 0,3 г, қосымша заттар: 30% этил спирті - 1000 мл сығынды алуға жеткілікті мөлшер, сорбит - 10 г.
Сипаттамасы Ашық-қоңырдан қоңыр түске дейін болатын сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы Басқадай ұйықтатқыш және тыныштандырғыш дәрілер АТЖ коды N05СМ
Фармакологиялық қасиеттері Препараттың әсері оның құрамына енетін компоненттердің қасиеттерімен жүзеге асады. Дәрілік өсімдіктер сығындыларының биологиялық тұрғыдан белсенді заттары жүйке жүйесінің қызметіне жағымды әсер етеді және көбінесе, тыныштандырғыш және анксиолитикалық әсерге ие, үрейлену, психикалық шаршау сезімін жояды.
Қолданылуы - нефрастения және тітіркенгіштікпен, үреймен, қорқумен, шаршаумен, жаңғалақтықпен, жадтың бұзылуымен, психикалық жабырқаумен қоса жүретін неврастениялық реакциялар - бас сақинасы - қышытатын дерматоздар (экзема, есекжем) - ұйқысыздық (жеңіл түрі) - «менеджер» синдромы (ұдайы психикалық шаршау жағдайы) - жүйкенің шаршауынан бастың ауыруы - климактериялық синдром кезінде симптоматикалық дәрі ретінде.
Қолдану тәсілдері және дозасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|