Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 6 наурыздағы № 41 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде БерлиприлÒ 10
Саудалық атауы БерлиприлÒ 10
Халықаралық патенттелмеген атауы Эналаприл
Дәрілік түрі 10 мг таблеткалар
Құрамы Бір таблеткада мыналар бар: белсенді заттар - 10 мг эналаприл малеаты, қосымша заттар: лактоза моногидраты, жеңіл негізгі магний карбонаты, желатин, жоғары дисперсті кремний қос тотығы, карбоксиметилкрахмал натрий тұзы (А түрі), магний стеараты, теміртотықты пигмент (Е172).
Сипаттамасы Ақшыл-қоңыр түсті, жиектері кертілген және бір жағында бөлуге арналған ойығы бар аздап дөңестеу таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы Ангиотензинді өзгертуші фермент тежегіші. АТЖ коды С09АА02
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ішке қабылдағаннан кейін эналаприлдің 60%-ға жуығы сіңеді. Тамақтану сіңуіне ықпал етпейді. Бауырда өзгеріске ұшырап, эналаприлаттың белсенді метаболиті түзіледі, ол эналаприлге қарағанда, АӨФ-нің өте белсенді тежегіші болып табылады. Эналаприлаттың плазма белоктарымен байланысуы - 50-60%. Қан сарысуда эналаприлаттың ең жоғары концентрациясы 3-4 сағаттан кейін, эналаприлдікі 1 сағаттан кейін байқалады. Қан сарысуындағы тұрақты концентрация 4 күннен кейін анықталады. Эналаприлат гистогематикалық кедергілер арқылы оңай өтеді, гематоэнцефалиялық кедергіні алып тастағанда, аздаған мөлшері плацента арқылы және ана сүтіне өтеді. Эналаприлаттың жартылай шығарылу кезеңі - 11 сағат. Көбінесе бүйректермен - 60% (20%-ы - эналаприл түрінде және 40%-ы эналаприлат түрінде), ішек арқылы - 33%-ы (6%-ы эналаприл түрінде және 27%-ы эналаприлат түрінде) шығарылады. Гемодиализде (жылдамдығы 62 мл/мин) және перитонеальдық диализде жойылады. Препараттың ең жоғары әсері 6-8 сағаттан соң білінеді. Әсері 24 сағат бойы сақталады. Ең жоғары клиникалық әсерге 2-4 аптадан соң жетеді. Фармакодинамикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|