Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі Фармация Комитеті төрағасының 2008 жылғы 4 ақпандағы № 19 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөніндегі мамандарға арналған
Саудалық атауы Сетабел Плюс®
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрінің түрі Таблеткалар
Құрамы Бір таблетка құрамында белсенді зат: 520,833 мг парацетамол DC 96 500мг парацетамолға тең, кофеин 30 мг, қосымша заттар: жүгері крахмалы, стеарин қышқылы.
Сипаттамасы Ақ түсті, бір бетінде бөлу сызығы бар домалақ таблеткалар.
Фармакотерапевтикалық тобы Анальгетики - антипиретиктер. Анилидтер. АТЖ коды N02BE51
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ішке қабылдағаннан кейін препарат асқазан-ішек жолдарынан тез және толық сіңеді. Сарысудағы жоғары концентрациясына 10 - 60 минуттан соң жетеді. Парацетамол организмнің көптеген тіндерінде тез және біркелкі таралады. Жартылай шығарылу кезеңі 1,25 - 3 сағатты құрайды. Парацетамол бауырда микросомалдық ферменттер жүйесі көмегімен метаболизденеді. Ішуге тағайындалған парацетамолдың шамамен 85 % несеппен бос және парацетамол конъюгаттары түрінде 24 сағат ішінде шығарылады. Ақуыздармен байланысуы 10 % төмен. Ішке қолданғаннан кейін кофеин де жақсы сіңеді. Сарысуда оның жоғары концентрациясы 50-75 минуттан кейін жетеді және кофеиннің 17 % сарысу ақуыздарымен байланысады. Кофеин организмнің көптеген тіндерінде таралады. Жартылай шығарылу кезеңі 3 - 6 сағат құрайды. Бауырда микросомалдық ферменттер жүйесі көмегімен метаболизденеді. Кофеин және оның метаболиттері негізінен несеппен шығарылады. Фармакодинамикасы Парацетамол ауруды басатын және қызуды түсіретін әсер көрсетеді. Әсер ету механизмі простагландиндердің түзілуін тежеумен және гипоталамустағы жылу реттеу орталығына әсер етуіне байланысты. Кофеин фосфодиэстеразаны тежей отырып, ц-АМФ мөлшерін жоғарлатады. Кофеин жасуша ішілік ц-АМФ жоғарлата отырып, өз әсерін көрсетеді. Кофеин орталық жүйке жүйесінің күшейткіші болып табылады. Ол шеткергі тамырларды кеңейтеді және ми тамырларын тарылтады. Кофеин мен парацетамолдың бірігуі препаратттың ауруды басатын әсерін жоғарлатады.
Қолданылуы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|