Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2006 жылғы 4 тамыздағы № 111 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған
Саудалық атауы Ресило
Халықаралық патенттелмеген атауы Лосартан
Дәрілік түрі Үлбірлі қабықпен қапталған 25 мг және 50 мг таблеткалар
Құрамы 25 мг 1 таблетканың құрамында: белсенді зат- 25мг калий лосартаны бар, қосымша заттар: микрокристалдық целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, коллоидтық кремний диоксиді, тазартылған тальк, магний стеараты, гипромеллоза (6 cps), макрогол (полиэтиленгликоль 400), титан диоксиді, тазартылған су. 50 мг 1 таблетканың құрамында: белсенді зат - 50 мг калий лосартаны бар қосымша заттар: микрокристалдық целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, коллоидтық кремний диоксиді, тазартылған тальк, магний стеараты, гипромеллоза (6 cps), макрогол (полиэтиленгликоль 400), титан диоксиді, тазартылған су.
Сипаттамасы Қабықпен қапталған бір жағында «LP» және екінші жағында «25» немесе «50» деген жазуы бар дөңгелек, екі жағы дөңес ақ немесе ақ дерлік таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы Ангиотензин ІІ-нің антагонисі, ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін бір компонентті дәрі.
АТЖ коды C09CA01
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ішу арқылы қабылдағаннан кейін лосартан жақсы сіңеді және цитохромдық жүйенің қатысуымен ЕХР-3174 белсенді метаболитіне жылам айналады. Лосартанның жүйелік биожетімділігі шамамен 33% құрайды. Препарат қандағы барынша жоғары концентрациясына оны қолданудан кейін 1 сағат өткенде, белсенді метаболиттің барынша жоғары концентрациясына 3 сағат өткенде жетеді. Смакс және AUC (қисық сызық астындағы көлемі) лосартанға арналған тиісті шамаларға қарағанда E-3174 шамамен 2 және 5 - 8 есе көп. Белсенді метаболиттің плазмадағы концентрациясы лосартанның кез-келген дозасында осы көрсеткішінен жоғар болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|