Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған
Саудалық атауы Амлодипин
Халықаралық патенттелмеген атауы Амлодипин
Дәрілік түрі 0,005 г, 0,01 г таблеткалар
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 0,005 г немесе 0,01 г амлодипинге шаққанда амлодипин безилаты, қосымша заттар: картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, лактоза, магний стеараты, кальций стеараты бар
Сипаттамасы Ақ түсті, жалпақ цилиндр пішінді, кертігі бар таблетка
Фармакотерапиялық тобы Қан тамырларға ықпал етуі ерекше кальций өзекшелерінің іріктелген бөгегіштері. Дигидропиридин туындылары. АТЖ коды С08СА01
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ішке қабылдағаннан кейін ас қабылдауға қарамай-ақ, асқазан-ішек жолынан (90%) баяу сіңеді. Препарат қанда ең жоғары қанығу деңгейіне 6-12 сағаттан соң жетеді. Препарат қан плазмасында тұрақты тепе-тең қанығу деңгейіне оны ұдайы қабылдағаннан кейін 7-8 күннен соң жетеді. Таралу көлемі - 20 кг жуық. Биожетімділігі - 60-65%. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы - 95%-дан астам. Препараттың жартылай шығарылу кезеңі - 35-45 сағат, ол оны тәулігіне бір рет тағайындауға мүмкіндік береді. Негізінен, бауырда өзгеріске ұшырап, белсенді емес метаболиттер түзеді. Ішке қабылданған дозаның 10%-дан азы өзгермеген күйінде шығарылады, 60%-ға жуығы бүйректер арқылы белсенді емес метаболиттер түрінде шығарылады, бүйрек қызметі бұзылған кезде - өзгермейді; 20-25%-ы метаболиттер түрінде өтпен бірге және ішек арқылы, сондай-ақ емшек сүтімен бірге шығарылады. Гематоэнцефалиялық бөгет арқылы енеді. Артериялық гипертензияға шалдыққан науқастарда жартылай шығарылу кезеңі - 48 сағат, егде жастағы емделушілерде ол 65 сағатқа дейін, бауыр қызметінің жеткіліксіздігінде 60 сағатқа дейін артады. Гемодиализ кезінде шығарылмайды. Фармакодинамикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|