Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2009 жылғы 9 қантардағы № 9 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік заттың медицинада
Саудалық атауы Сибазон
Халықаралық павтенттелмеген атауы Диазепам
Дәрілік түрі Таблеткалар
Құрамы 1 таблетканың құрамында Белсенді зат - диазепам 5 мг Қосымша заттар: картоп крахмалы немесе жүгері крахмалы, лактоза моногидраты, магний стеараты, тальк, микрокристалдық целлюлоза.
Сипаттамасы Беті жайпақ, сызығы бар ақ түсті таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы Анксиолитиктер. Бензодиазепиннің туындылары. АТЖ коды N05BA01
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Сіңуі - жоғары. Ішу арқылы қабылдаудан кейін сіңуі 75% жуық. Ең жоғары концентрациясына жету уақыты - 60-90 мин; тепе-тең концентрациясына тұрақты қолданғанда 1-2 аптадан кейін жетеді. Плазманың ақуыздарымен байланысуы - 98%. Фармакологиялық белсенді туындыларға (дезметилдиазепамға) және белсенділігі едәуір аз (темазепамға және оксазепамға) дейін бауырда 98-99% метаболизденеді. Диазепам мен оның метаболиттері гемато-энцефальдық және плаценталық бөгеттерден өтеді, қан плазмасындағы концентрациясының 1/10 бөлігіне дейінгі концентрацияда омырау сүтімен бөлініп шығады. Бүйрек арқылы - 70% (глюкоронидтер түрінде), өзгермеген күйінде 1-2% және 10% азы - нәжіспен шығарылады. Шығарылу екі сатылы сипатта болады: жылдам және ауқымды бөлінетін (жартылай шығарылу кезеңі - 3 сағат) бірінші кезектегі сатысынан кейін ұзақ (жартылай шығарылу кезеңі 48 сағат) сатысы басталады. Жартылай шығарылу кезеңі жаңа туғандарда (30 сағатқа дейін), егде жастағы және қартаң емделушілерде (100 сағатқа дейін) және бауыр-бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда (4 тәулікке дейін) ұзаруы мүмкін. Қайталап қолданған кезде диазепам мен он белсенді метаболиттерінің жинақталуы едәуір көлемде болады. Фармакодинамикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|