(№ 39258 операция) Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы
2009.07.07 № 169-ІV ҚР Заңымен ратификацияланды
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМНІҢ ЖОБАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ («Қарыз алушы») мен ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ («Банк») арасындағы 200 __ жылғы ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
КІРІСПЕ
Банк көп партиялы демократияның, плюрализм мен нарықтық экономиканың принциптерін ұстанатын және оларды өмірде қолданатын Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде нарыққа бағдарланған ашық экономикаға өтуге, сондай-ақ жеке және кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесетін нақты жобаларға қаржы беру үшінқұрылғандықтан; Қарыз алушы 1-қосымшада сипатталғандай Ресей Федерациясы шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе қаласы арасындағы ұзындығы 102 км автожолды қайта жаңғыртуда және техникалық санатын арттыруда Қарыз алушыға көмек көрсетуге арналған Жобаны іске асыруға ниет білдіргендіктен; Қарыз алушы Банкке Ресей Федерациясы шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе қаласы автожолының учаскесін қайта жаңарту жобасының бөлігін қаржыландыруға жәрдем көрсету туралы өтініш жасағандықтан; Банк Қарыз алушыға Жобаның С және D бөлігін іске асыруда жәрдем көрсету үшін өтеусіз негізде техникалық ынтымақтастық қаражатын беруге келіскендіктен; Қарыз алушы Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізін қаржыландыруға жәрдем көрсету үшін Халықаралық қайта құру және даму банкінің, Азия даму банкінің және Ислам даму банкінің қарыздарын тартуға ниет білдіргендіктен; Қарыз алушы осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Жобаны іске асыруға қаржылық және басқа да жәрдем көрсетуге келіскендіктен; Банк, сонымен қатар, жоғарыда аталғандардан басқалардың негізінде Қарыз алушыға осы Келісімде айтылған немесе ескерілген ережелерге және талаптарға сәйкес бір жүз сексен миллион АҚШ доллары (180 000 000 АҚШ доллары) мөлшерінде қарыз беруге келісім бергендіктен. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|