Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 166 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде
Саудалық атауы СиофорÒ 1000
Халықаралық патенттелмеген атауы Метформин
Дәрілік түрі Қабықпен қапталған 1000 мг таблеткалар
Құрамы Қабықпен қапталған 1 таблетканың құрамында белсенді зат - 1000 мг метформин гидрохлориді бар, қосымша заттар: повидон, гипромеллоза, магний стеараты, макрогол 6000, титанның қос тотығы.
Сипаттамасы Қабықпен қапталған, екі беті дөңес, ұзынша, ақ таблеткалар бір жақ сына түрі ендеуда және басқа жақ бетінде бµлетін сызығы бар.
Фармакотерапиялық тобы Қант диабетін емдеуге арналған препараттар. Ішетін гипогликемиялық дәрілер. Бигуанидтер. АТЖ коды А10ВА02
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Препаратты ішу арқылы қабылдағаннан кейін метформин толық сіңбейді, биожетімділігі 40-60% құрайды. Тамақпен бір мезгілде қабылдағанда метформиннің сіңуі төмендейді және іркіледі. Метформин организмнің тіндеріне жылдам тарайды. Қан плазмасындағы барынша жоғары концентрациясына шамамен 2 сағат өткенде жетеді. Іс жүзінде қан плазмасының ақуыздарымен байланыспайды. Метформиннің метаболизмі белгісіз, шығарылуы толықтай бүйрек арқылы жүзеге асады. Қан плазмасынан орташа жартылай шығарылу кезеңі 1,5-тен 4,5 сағатқа дейін құрайды. Денсаулығы жақсы адамдардағы метформиннің клиренсі 440 мл/мин құрайды, бұл белсенді өзекшелік секрецияны дәлелдейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде жартылай шығарылу кезеңі ұзарады, метформиннің организмде жинақталып қалу қаупі арта түседі. Фармакодинамикасы Метформиннің әсер ету механизмі оның глюконеогенезді басу қабілетімен байланысты. Метформин қандағы инсулин мөлшеріне әсер етпейді, бірақ бос инсулинге байланысқандар ара қатынасын төмендету және инсулиннің проинсулинге арақатынасын арттыру есебінен оның фармакодинамикасын өзгертеді. Метформиннің әсер ету механизміндегі маңызды тізбек бұлшықет жасушаларының глюкозаны сіңіруін көтермелеу болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|