Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 11 маусымдағы № 135 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде
Саудалық атауы Солковагин
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түрі Жергілікті қолдануға арналған ерітінді
Құрамы 1 мл Солковагин ерітіндісі құрамында: белсенді заттар: 99% сірке қышқылы 20,4 мг қымыздық қышқылының дигидраты 58,6 мг мырыш нитратының гексагидраты 6,0 мг 70% азот қышқылы 537,0 мг, қосымша зат: тазартылған су.
Сипаттамасы Түссіз мөлдір ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқадай препараттар. АТЖ коды G02СХ
Фармакологиялық қасиеттері Препарат жергілікті әсер етеді. Жатыр мойынының беткі тіндерінің қатерсіз зақымдануларын емдеу үшін арнайы жасалған Солковагин препаратының құрамы жатыр мойыны эпителийінің әртүрлі типтеріне препараттың бірдей емес әсерімен байланысқан. Препаратты эктопиялық цилиндірлік эпителийге және субэпителийлік стромаға жаққанда оларды некротикалық өзгеріске ұшыратады. Соңынан некротикалық өзгеріске ұшыраған тіндер көпқабатты жалпақ эпителимен алмастырылады.
Қолданылуы Жатыр мойыны беткейлі тіндерінің қатерсіз зақымданулары: - жатыр мойынының полипы - жатыр мойынының эрозиясы және эктропионы
Қолдану тәсілдері мен дозалары Препарат жатыр мойыны беткі тіндері аумағында ғана жергілікті қолдануға арналған. Емшараны маман - гинеколог қана жүргізуі тиіс (кольпоскопты қолдану арқылы). Емшараны жүргізу уақытында ерітіндінің жыныс мүшелерінің сыртқы терісіне және қынаптың эпителийіне тигізбей, тек қана зақымданған аумақты өңдеу керек. 1. Қынаптық шырыш мақта тампонымен тазаланады. Зақымданған аумақты 3% сірке қышқылы ерітіндісімен өңдеу, зақымданған аралықты едәуір анық көріп айқындауға мүмкіндік береді. 2. Ағаш таяқшаға оралған шағын мақта тампоны Солковагин ерітіндісімен қанықтырылады. Зақымданған аумақ өңделеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|