Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 мамырдағы № 752 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 552 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің ережесі мен құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 387-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға |
Шәуенов Ербол Солтыбекұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша) |
Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Федоров Олег Анатольевич | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Қапақов Нұрлан Төлегенұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
Сәкенов Қайыргелді Әнуарбекұлы | - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің бөлімнің аға прокуроры (келісім бойынша) |
Әбуов Айдар Парқұлұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәдениеттер мен діндер халықаралық орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор |
Айталы Амангелді Әбдірахманұлы | - философия ғылымдарының докторы, «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамының әлеуметтік-психологиялық пәндер кафедрасының профессоры (келісім бойынша) |
Бәкір Әбдіжәлел Қошқарұлы | - саяси ғылымдар докторы, «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамының әлеуметтік-психологиялық пәндер кафедрасының профессоры (келісім бойынша) |
Мыңбаев Мұрат Тайкелтірұлы | - техника ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері (келісім бойынша) |
Бәшімов Марат Советұлы | - Қазақстан Республикасындағы Еуропа құқығы және адам құқықтары институтының директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша) |
Онучко Марина Юрьевна | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аға оқытушысы |
көрсетілген құрамнан Балиева Зағипа Яхянқызы, Иванов Владимир Александрович, Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, Черкасов Юрий Петрович, Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |