Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 212 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөніндегі
Саудалық атауы Спеман форте Ô Speman forte Ô
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түрі Таблеткалар
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: Еркек сүйсін шумақтарының ұнтағы (Orchіs maskula) 39 мг Жабайы сүтжапырақ тұқымының ұнтағы (Lactuca scarіola) 10 мг Ұзынжапырақты Астеркант тұқымының ұнтағы (Astercantha longіfolіa Syn. Hydrophіla spіnosa) 19 мг Шымылдататын барқыт бадамы тұқымының ұнтағы (Mucuna prurіens) 10 мг Суварнаванг ұнтағы (Suvarnavang /Mosaіc Gold/) 10 мг Маржан пармелия қабаттарының сығындысы (Parmelіa perlata) 10 мг Сұлу аргирей тамырының сығындысы (Argyreіa specіosa) 19 мг
Жатаған теміртікен жемісінің сығындысы (Trіbulus terrestrіs) 19 мг Торлы лептадений сабағының сығындысы (Leptadenіa retіculatа) 19 мг Жылан тәрізді раувольфия алкалоидтар тамырының жинақталған құрамы (Rauwolfіa serpentіnа) 1,5 мг қосымша заттар: магний стеараты, микрокристаллдық целлюлоза, натрий карбоксиметилцеллюлоза, кросповидон, аэросил
Сипаттамасы Қоңыр түсті екі беті дөңес таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы Қозудың бұзылуы кезінде қолданылатын біріктірілген препарат. АТЖ коды G04ВЕ30
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Спеман форте препаратының әсері оның компоненттерінің біріккен әсеріне негізделген, сондықтан фармакокинетикалық зерттеулерді жүргізу мүмкіндігі жоқ. Фармакодинамикасы Біріктірілген өсімдік текті препарат, оның фармакологиялық әсері препарат құрамына кіретін дәрілік шөптердің қасиеттеріне негізделген. Қозуға жауапты жоғары жүйке орталығына әсер етеді. Жұлында орналасқан жыныс белсенділігі орталығының қозғыштығын төмендетеді. Препарат күту синдромынан туындаған шамадан тыс қозуды төмендетеді, күш-қуатын төмендетпестен тыныштандырғыш әсер етеді. Спеман форте нейроэндокриндік жүйе арқылы әсер ете отырып, жылдам шәуһет шығаруды болдырмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|