Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2006 жылғы 10 наурыздағы № 35 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде
Саудалық атауы Споридекс
Халықаралық патенттелмеген атауыЦефалексин
Дәрілік түрі Суспензия дайындауға арналған 125 мг/мл ұнтақ.
Құрамы дайын суспензияның әрбір 5 мл-ның құрамында мыналар бар: белсенді зат - цефалексин 125 мг қосымша заттар: динатрий эдетаты, натрий бензоаты, ксантан камеді, цукроза, сусыз коллоидты силикагель, қызғылт-сары СІ 15985 бояғышы, ананасты DC 106PH хош иістендіргіші, апельсин хош иістендіргіші.
Сипаттамасы Дерлік ақ ұнтақ суменен апельсиндік сироп тәрізді суспензия түзеді. Алынған суспензия апельсиннің өзіне тән жағымды дәміне ие.
Фармакологиялық тобы Басқа бета-лактамдық антибиотиктер. Цефалоспориндер. АТЖ коды J01DA01
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Цефалексин асқазан-ішек жолдарында жылдам және іс жүзінде толық сіңіріледі. Қан плазмасындағы шоғырлануы 500 мг мөлшерін қабылдағаннан кейін 1 сағат өткенде 18 мкг/мл деңгейге жетеді; мөлшердің екі еселенуі қан плазмасындағы препарат шоғырлануын екі есеге арттырады. Тамақтану препараттың сіңірілуін төмендетпейді, бірақ сіңірілу жылдамдығын біршама азайтуы мүмкін. Қан плазмасындағы белоктармен байланысы 15% құрайды. Таралу көлемі (Vb) 0.26 л құрайды. Цефалексиннің жартылай шығарылу кезеңі 1 сағат құрайды; ол бүйрек қызметі бұзылған жағдайда ұзара түседі. Цефалексин жұлын сұйықтығын қоспағанда организмнің тіндері мен сұйықтығында кеңінен тарайды. Цефалексин плацента арқылы өтеді және омырау сүтінен бөлініп шығады. Қабылданған препарат мөлшерінің 80% қабылдағаннан кейін 6 сағат өткенде гломерулярлық сүзілу және тубулярлық секрециялану жолымен өзгермеген күйінде несеппен бөлініп шығады.
Фармакодинамикасы Споридекстің әсер ету спектрі мынадай микроорганизмдерді қамтиды: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|