Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 05 желтоқсандағы № 327 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік заттың медицинада
Саудалық атауы Сұйық споробактерин
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түрі Ішке қабылдауға арналған ерітінді
Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - Bacillus subtilis 534 тірі бациллалардың биомассасының жүзгіні қосымша заттар - натрий хлориді, тазартылған су
Сипаттамасы Ақ немесе ашық-сары түсті гомогенді суспензия. Тұндырған кезде түбінде шөгінді үстінде мөлдір сұйықтық пайда болады және ақтан ашық-сары түске дейінгі іркілдек шөгінді түзіледі, сілкіген кезде ыдырайды.
Фармакотерапиялық тобы Басқадай бактерияға қарсы дәрілер. АТЖ коды J01XX
Фармакологиялық қасиеттері 534 штаммасындағы Bacillus subtilis бактериялар патогенді және шартты патогенді бактериялардың өрбуін басатын кең ауқымда әсер ететін бактерияға қарсы заттар бөледі. Споробактерин сапрофиттердің, оның ішінде ішектің қалыпты микрофлораларынның, өсуін баспайды. 534 штаммасындағы Bacillus subtilis өсінді протеолитикалық ферменттер, лизоцим, липазалар, амилазалар және басқадай көмір суын, майды және ақуыздарды ыдыратумен қатар жүретін тамақ қорыту мен сіңіруге қатысатын басқадай биологиялық белсенді заттарды өндіреді. Одан басқа бактерия ферменттерінің өлі еттенген тіндердің қабынған ошақтарының жарасын тазартатын қасиеті бар. Препарат қанның фагоциттенетін жасушаларының жұтқыштығы және қорытуы айтарлықтай ынталандырады.
Қолданылуы - жедел бактериялық ішек жұқпаларында, оның ішінде жедел дизентерияда, сальмонеллезде және б. - әртүрлі этиологиялардағы дисбактериозда - жұмсақ тіндердің хирургиялық жұқпаларында - остеомиелитте (ірі секвестрлердің болмауы кезінде) - хирургиялық және акушерлік-гинекологиялық операциялар кезінде патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерден туындаған асқынулардың алдын алу және емдеу
Қолдану тәсілі және дозалары Балаларға: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|