|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 192 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік заттың медицинада
Саудалық атауы СтраттераÒ
Халықаралық патенттелмеген атауы Атомоксетин
Дәрілік түрі 10 мг, 18 мг, 25 мг, 40 мг, 60 мг капсулалар
Құрамы Бір капсуланың құрамында: белсенді зат - 10 мг, 18 мг, 25 мг, 40 мг немесе 60 мг атомоксетинге барабар атомоксетин гидрохлориді, қосымша заттар: диметикон, желатинделген крахмал, капсула қабығы: титан қостотығы, натрий лаурилсульфаты, желатин, темірдің сары оксиді бояғыш заты (тек 18 мг және 60 мг капсулалар үшін), индигокармин бояғыш заты (тек 25 мг, 40 мг және 60 мг капсулалар үшін).
Сипаттамасы 10 мг капсулалар: ақ қақпағы бар ақ түсті қатты желатинді капсулалар (3-өлшемді), оларға «10 mg» және «Lilly 3227» деген жазу жазылған; 18 мг капсулалар: сары қақпағы бар ақ түсті қатты желатинді капсулалар (3- өлшемді), оларға «18 mg» және «Lilly 3238» деген жазу жазылған; 25 мг капсулалар: көк қақпағы бар ақ түсті қатты желатинді капсулалар (3- өлшемді), оларға «25 mg» және «Lilly 3228» деген жазу жазылған; 40 мг капсулалар: көк қақпағы бар көк түсті қатты желатинді капсулалар (3-өлшемді), оларға «40 mg» және «Lilly 3229» деген жазу жазылған; 60 мг капсулалар: көк қақпағы бар жасыл түсті қатты желатинді капсулалар (2-өлшемді), оларға «60 mg» және «Lilly 3239» деген жазу жазылған. Барлық капсуланың ішіндегі зат: ақ түсті ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы Орталықтан әсер ететін симпатомиметикалық дәрі АТЖ коды N06ВА9
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы 6 жастан асқан балалар мен жасөспірімдердегі фармакокинетикасы ересектердегі фармакокинетикаға ұқсас. Атомоксетиннің фармакокинетикасы 6 жасқа дейінгі балаларда зерттелген жоқ. Сіңуі Атомоксетин ішке қабылданғаннан кейін тез және толық дерліктей сіңіп, шамамен 1-2 сағаттан кейін қан плазмасында ең жоғары концентрацияға (Смах) жетеді. Атомоксетиннің биожетімділігі метаболизмнің жекелей ерекшелігіне байланысты 63% - 94% құрайды. Атомоксетин тамақтануға байланыссыз немесе тамақтану кезінде тағайындалады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|