Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 225 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік заттың медицинада
Саудалық атауы Стрезам®
Халықаралық патенттелмеген атауы Этифоксин
Дәрілік түрі 50 мг капсулалар
Құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат - 50 мг этифоксин гидрохлориді, қосымша заттар: лактоза моногидраты, тальк, микрокристалды целлюлоза, коллоидты кремний, магний стеараты.
Сипаттамасы Желатинді капсулалар № 2, корпусы ақ түсті және қалпақшасы көгілдір түсті, капсуланың ішіндегісі - ақ ұнтақ
Фармакотерапиялық тобы Басқадай анксиолитиктер. АТЖ коды N05ВХ03
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Этифоксин гидрохлориді асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді. Жылдам метаболизденеді. Этифоксин гидрохлориді мен оның белсенді метаболиті (D3417) қандағы орташа жоғары концентрациясына 1-2 сағат өткенде жетеді. Этифоксин гидрохлориді мен оның белсенді метаболитінің қандағы бастапқы деңгейлері алғашқы 2 сағат және тиісінше 20-30 сағат бойы біртіндеп азаяды. Қаннан жартылай шығарылу кезеңі 20-30 сағатты құрайды. Препарат пен оның негізгі метаболиті негізінен несеппен шығарылады. Фармакодинамикасы Емдік дозаларда этифоксин гидрохлориді анксиолитикалық әсерге ие болады. Стрезам® психомоторлық реакция жылдамдығына әсер етпейді және күндізгі транквилизатор ретінде қолданыла алады.
Қолданылуы - үреймен, қорқынышпен және мазасыздықпен қатар жүретін стресстік бұзылуларға байланысты неврастениялық жай-күйлерде - үрейлі - фобиялық бұзылуларда - орташа айқындықтағы қорқынышпен, апатиямен, белсенділіктің төмендеуімен көрініс беретін вегетативтік бұзылуларда.
Қолдану тәсілі мен дозалары Дозаны және емдеу курсының ұзақтығын аурудың күрделілігіне байланысты дәрігер дербес анықтайды. Ересектер мен 15 жастан үлкен балаларға тәулігіне 2-3 рет тамаққа дейін 1 капсуладан тағайындайды. Ең ұзақ емдеу курсы 12 аптаны құрайды.
Жағымсыз әсерлері - кейде: бас айналуы, ол емдеудің басында пайда болуы және ұзақ емдеу кезінде өздігінен жоғалып кетуі мүмкін Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|