Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2009 жылғы 4 маусымдағы № 198 бұйрығымен бекітілді
Салық тексерулерінің нәтижелеріне жасалған салық төлеушілердің
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әдістемелік ұсынымдар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және салық тексерулерінің нәтижелеріне жасалған салық төлеушілердің (салық агенттерінің) шағымдарын (бұдан әрі - салық төлеушінің шағымы) қарауды ұйымдастыру, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерін ресімдеу және іске асыру жөніндегі мәселелерді реттейді. 2. Осы Әдістемелік ұсынымдарда белгіленген салық төлеушінің шағымын қарау тәртібі салық қызметі органдарының барлық қызметкерлері үшін міндетті. 3. Аудан, қала және қаладағы аудан бойынша салық басқармасы шығарған салық тексеруі нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің шағымын қарауды тиiстi жоғары тұрған салық қызметi органы: облыс, Астана және Алматы қалалары бойынша салық департаменті жүргізеді. Облыс, Астана және Алматы қалалары бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы салық департаменті шығарған салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің шағымын қарауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі - Салық комитеті) жүргізеді. 4. Салық комитетінің лауазымды тұлғалары жүргізген салық тексеруі нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің шағымын қарауды тікелей Салық комитеті жүргізеді. 5. Салық төлеушінің шағымын қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешімді қайта қарауды Салық комитеті жүргізеді. 6. Салық төлеушілердің шағымдарын қарау бойынша жұмыс үшін жауаптылық салық қызметі органының тиісті құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі - шағымды қараушы құрылымдық бөлімше) жүктеледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|