Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы
Осы редакция 2009 жылғы 5 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжановқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|