Райымбек батырдың ескерткіші бойынша қалалық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылы 21 мамырдағы «Райымбек батырдың туғанына 300 жыл толу мерейтойын дайындау және өткізу туралы» № 603 қаулысын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының төрағалығы мен өткен Қақақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылы 28 мамырдағы «Райымбек батырдың туғанына 300 жыл толу мерейтойына дайындықтар туралы» № 24-35/И-399 хаттама шешімін орындау мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Конкурсты ұйымдастырушы - Алматы қаласы Мәдениет басқармасы дайындаған Райымбек батыр ескерткішінің үздік жобасына ашық конкурс өткізу бағдарламасы мен өткізу шарттары макұлдансын. 2. Райымбек батыр ескерткішінің жобаларын қабылдау және таңдау жөніндегі қалалық комиссияның кұрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін. 3. Алматы қаласы Мәдениет басқармасы конкурсқа қатысушыларға және қалалық комиссияның жұмысы үшін қажетті жағдайлар жасасын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Сейдумановқа жүктелсін.
2009 жылғы 18 ақпандағы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|