Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келiсу, (2008.24.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 18 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің норма шығарушылық қызметi жүйесiн жетiлдiру, Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды күшейту мақсатында қаулы етемiн: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келiсу, қол қоюға ұсыну және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ереже (қоса берiлiп отыр) бекітілсiн. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi
Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келiсу, қол қоюға ұсыну және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, өкiмдерiн (бұдан былай-актiлер) және тапсырмаларын дайындау, келiсу, ұсыну және орындалуын бақылау тәртібін реттейдi. I. Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келiсу және қол қоюға ұсыну тәртібі 1. Республика Президентi актілерінiң жобаларын дайындауды: 1) Республика Президентінің Әкiмшiлiгi; 2) Республика Үкіметі; 3) Республика Жоғарғы Соты, Бас Прокуроры; 4) Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдары; 5) Республика Президентi айқындайтын өзге де мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар жүзеге асырады. Мемлекет басшысы актілерінiң жобаларын дайындауды тиiстi мемлекеттік органдар құзыретiне сәйкес өз бастамашылығы не жоғары тұрған мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тапсырмасымен жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|