|
Атырау облысының 1989 жылы туған азаматтарын 2006 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 16, 17 және 44-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 28 қазандағы № 1072 «Қазақстан Республикасының аумағында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы» қаулысын орындау мақсатында шешемін: 1. Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті (бұдан әрі - Қорғаныс істері жөніндегі Департамент) (келісім бойынша): 1) 2006 жылғы қаңтар-наурыз айлары бойына, Атырау облысының 1989 жылы туған азаматтарын, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген жасы үлкендерді облыстық Атырау қаласы мен аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастырып, жүргізсін. 2) Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуден өткізген уақытта Атырау қаласы мен облыс аудандарында орындалатын жұмыстарға тексеру жүргізсін, жергілікті жерлерде анықталған кемшіліктерді жоюға жәрдемдессін және практикалық көмек көрсетсін. 2. Атырау қаласы мен аудандар әкімияттары: 1) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу үшін ер азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссиялар құрсын. 2) комиссия мүшелерін тіркеу кезінде қызметтік міндеттерін орындаудан босатсын; 3) Атырау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының (бұдан әрі - Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма) және Атырау облысының Қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдерінің (бұдан әрі - Қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдер) жоспарларына сәйкес азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|