|
Техникалық диагностика
5 МЛ құрама бірліктерінің диагностика жасауға бейімділігіне қойылатын талаптар
Осы стандарт жолтабаны 1520 мм темір жолдары бойынша жүкті және жолаушыларды тасымалдауға арналған, жобаланатын немесе жаңартылатын магистралды локомотивтерге (бұдан әрі - МЛ) қолданылады және МЛ диагностика жасауға бейімділігіне қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
Осы стандартта мынадай стандарттарға сілтемелер пайдаланылған: ГОСТ 20911-89 Техникалық диагностика. Терминдер мен анықтамалар. ГОСТ 26656-85 Техникалық диагностика. Бақылауға жарамдылығы. Жалпы талаптар. ГОСТ 27518-87 Бұйымдарға диагностика жасау. Жалпы талаптар.
Осы стандартта пайдаланылатын терминдер ГОСТ 20911 сәйкес келеді, сондай-ақ мынадай терминдердің тиісті анықтамалары бар: 3.1 Борттық диагностика жұйелері: Локомотивке орнатылатын диагностика жұйелері. 3.2 Стационарлық диагностика жұйелері: Локомотивтен тыс орнатылатын жұйелер. 3.3 Жиналған ақпаратты беру жұйелері: Флэште сақтау арқылы немесе оқитын құрылғылары мен спутниктер арқылы пойыз (локомотив) жұріп бара жатқанда беріледі.
4.1 Жалпы ережелер 4.1.1 Орындау қажеттілігі нақты бір түрдегі МЛ әзірлеуге берілген ТТ-да белгіленген МЛ техникалық диагностика пайдалану мен жөндеу барысында ГОСТ 27518 бойынша жасалады. 4.1.2 МЛ диагностика жасауға бейімділігіне қойылатын жалпы талаптар және МЛ-те конструкторлық құжаттама әзірлеу сатысында МЛ ПД қамтамасыз ету бойынша негізгі жұмыстар ГОСТ 26656 сәйкес келуі тиіс. 4.1.3 МЛ ПД қамтамасыз ету үшін бастапқы деректер ретінде мыналар пайд аланылады: -техникалық диагностика жасау жүйесін пайдаланып, МЛ диагностика жасауға қойылатын техникалық талаптар (бақылау-тексеру аппаратурасы, диагностика жасаудың бортты немесе жапсыра жасалған құрылғылары, сыртқы бақылау және диагностика жасау құралдары); -МЛ құрама бірліктерін жөндеу жөніндегі технологиялық нүсқаулықтар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|