|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Астана қаласы Әбу-Даби Плаза кешенін салуға қатысты үкіметаралық келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Астана қаласы Әбу-Даби Плаза кешенін салуға қатысты үкіметаралық келісімнің жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Астана қаласы Әбу-Даби Плаза кешенін салуға қатысты үкіметаралық келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |