|
Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктің жылжымалы мүлігінің тізбесін бекіту туралы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 44/08 Қаулысымен күші жойылды
«Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне, «Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктің жылжымалы мүлігінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Қарағанды облысы әкімдігінің: 1) «Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 15 ақпандағы № 04/12 қаулысы; 2) «Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 04/12 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 31 шілдедегі № 16/05 қаулысы жойылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Қ. Оразғұловқа жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
2009 жылғы 6 маусымдағы № 16/01 қаулысына қосымша
Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктің жылжымалы мүлігінің ТІЗБЕСІ
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|