Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуді дайындау және өткізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 шілдедегі № 95-ө Өкімі
Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуді дайындау және өткізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші |
Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, жетекшінің орынбасары (келісім бойынша) |
Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы | - Астана қаласының әкімі, жетекшінің орынбасары |
Ыбыраев Азамат Болатұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, хатшы |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы | - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі |
Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі |
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы | - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
Әбдықалықова Гүлшара Наушақызы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Баймағанбетов Серік Нұртайұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
Құсдаулетов Дулат Рашитұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы |
Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы |
Нұрмағамбетов Аманжол Мағзұмұлы | - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі (келісім бойынша) |
Шәкіров Асқар Оразалыұлы | - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша) |
Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары |
Райымбеков Сайлаухан Ғазизұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі |
Котенко Наталья Леонидовна | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі |
Федоров Олег Анатольевич | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің меңгерушісі |
Әйтекенов Қайрат Медібайұлы | - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының атқарушы директоры |
Сәрсенов Әділбек Ғазизұлы | - «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы |
Байжанов Ерлан Сапарұлы | - «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы |
2. Жұмыс тобы 2009 жылғы 25 шілдеге дейінгі мерзімде Конституция күнін мерекелеуді ұйымдастыру және өткізу жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.Н. Ахметовке жүктелсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |