Дәнекерлі қосылыстарды бұзбайтын бақылау
(БСТ ЕН 1713-2005 «Дәнекерлік қосылыстарды бұзбайтын бақылау. Ультра-дыбыстық әдіс. Дәнекерлік жіктер ақауларын жіктеу», IDT)
ҚР СТ БСТ ЕН 1713-2008
Мазмұн
Осы стандарт А қосымшасында берілген және жазықтық және көлемдікке дәнекерлеу жіктерінің ішкі ақауларын жіктеуге арналған алгоритмге сәйкес іс-әрекет жүйесін белгілейді Осы стандарт негізгі металл бетінен кемі 5 мм қашықтықта орналасқан ақауларды анықтау үшін ғана қолданылады (1-сурет).
Өлшемдер миллиметрде
1-сурет - Ақауларды анықтау аймағы
Осы стандартта дәнекерлеу жіктерінің ішкі ақауларын жазықтықты және көлемдік деп жіктеу бағалаудың мына критерийлеріне негізделеді: - дәнекерлеудің технологиялық процесі; - ақаулардың геометриялық орналасуы; - жаңғырық - белгінің ең жоғарғы амплитудасы; - шағылысу бағыты; - импульс нысаны (А түрлі таралу); - жаңғырық - белгінің динамика нысаны. Жіктеу барысында барынша толық және дұрыс қорытындыны алу үшін әр критерийді бағалау жүргізіледі.
2.1 Жалпы ережелер Жіктеу бір бірімен түрлі бағалау критерийлерін қолдану жолымен жүргізіледі: - жаңғырық - белгі амплитудасы; - шағылысу бағыты; - импульс нысандары (А түрлі таралу); - жаңғырық - белгінің динамика нысаны. Критерийлердің біреуінің талаптары орындалған сәттен бастап алгоритмге сәйкес жіктеу процедурасы аяқталады. Жіктеу кезінде қолданылатын түрлендіргіштер бақылау кезінде қолданылатын түрлендіргіштерге сәйкесуі керек. Осы алгоритм жіктеуді сапаның нақты денгейін орындау ретінде анықтайды. Амплитуда - қашықтық (ОАС- қисық) түзету қисықтарына қатысты немесе егер бақылау енгізудің түрлі бұрыштары жағдайда жүргізілсе, біртексіздіктен жаңғырық - белгілердің ең жоғары амплитудасына (децибелде) қатысты амплитудалардың түрлі шекті мәндері белгіленген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|